Мектеп алғаш Аққұдық ауылында Ералиев атындағы колхоздың бастығы Нұрбатов Өмірзақтың үндеуімен, ұсынысымен мектеп ашылды. 1959 -1960 жылдан  бастап бастауыш мектеп болды, ол кездегі мектеп директоры Мейров Алдаберген.  Мектеп жанында қоғамдық интернат  болған, онда жан-жақтағы елдерден 100-ден астам бала болды. Интернатты совхоз әкімшілігі өздері тамақтандырды. Ол кездегі басты халыққа еңбегі сіңген мұғалімдер Өсербаев Құдабай, Батырбаева Балай, Нұрлыбеков Сайын т.б осы кісілердің күшімен жұмыс өте жақсы жүрді.

1965-1966 жылдары мектеп 7 жылдық болып өзгертілді ол кездегі директоры Құрманбаев Ізберген.

1972-1973 жылдары директоры Бегенішов Бесінбай болды. Сол кезден бастап мектеп 8 жылдық болып ауысты. Бала саны 380 шамада болды, мектеп жанындағы интернатта 110-120 бала жатып оқыды, 12 класс коплектісі болды. Сол жылдары мамандарға бірнеше үйлер салынып  және жаңа мектеп салынды мектеп көмірмен жылынды, завуч Қосжанов Қазданбай өте үлгілі мұғалім.

Осы тыңңан салынған 8 жылдық  мектепті салдырған директор Бегенішов Бесінбайға халық ағарту  ісінің  үздігі деген атақ берілді, сонымен қатар Лениннің 100 жылдығы медаль берілді және аудан  тарапынан  «Еңбектегі ерлігі үшін» бірнеше медальдар берілді. Мұғалімдер: Қосжанов Төлеп, Мусабаев Бекболсын, жас маман Жанарова Дина, Қабылов Ермұхан, Бегенішова Бақтылы, Бескемпірова  Шырын Жамбылдын келген орыс тілінің маманы, Әмитова Тәрбие, Сәттіғұлов Жақсылық және бірнеше интернат тәрбиешілері де өз еңбектерін аямады. Сол жылдары мектепте 2 машина болды. Мектеп бірінші рет Шетпе кенті аудан орталығында өткен аудандық олимпиадаға оқушылар қатысып өз білімдерінің нәтижесін көрсетті. Бегенішов Бесінбай бастаған ұжым өте жақсы атқарды және өздерін жан-жақты көрсете білді.

  • 1973-1974 жылдары Мусабаев Бекболсын
  • 1974-1976 жылдары  Өрбісінов Төленжан
  • 1976-1981 жылдары Қосжанов Қазданбай
  • 1981-1982 жылдары Қалиев Қайырбек
  • 1983-1988 жылдары Сауірбаев Жақсылық
  • 1988-1989 жылдары Сүйінов Қадархан атты азаматтар мектептің басшылық қызметін атқарды және белгілі мұғалімдер Жариев Омар, Әбілтаев Ғизат.
  • 1989-1993 жылдары Шілдебаев Мейірман директор  қызыметін атқарып, ол жылдары мектепте жас мамандар Аблаева Гүлшат, Оспанова Гүлжан, Бегеншова Балша, Нысанбаева Сағира, Жұбанова Бақтылы, Қаржаубаев Гүлбақыт, Дүйсенғалиева Сәуле, Еркегулова Гүл атты білікті ұстаздар жұмыс атқарған.
  • 1993-1994 жылдары Оспанова Гүлжан директор болды.
  • 1994-2002 жылдары Еңсегенова Алмагүл директор болды.
  • 2001 жылы Ауылдың азаматы «МаңғыстауМұнайГаз» мекемесінін бастығы Қырымқұлов Сағын Ерқасұлы жаңа мектеп салып берді мектепке үнемі демеу көрсетіп келеді. Мектеп жаңа жылу жүйесін жүргізген,  компьютерлермен жабдықталған.
  • 2003-2004 жылы Шілдебаев Қабыл  директор  болды.  Онда мектеп ұжымы білім деңгейімен өздерін көрсете білді. Ол жылы 9-жылдық мектеп  екі үздік оқушы  үздік куәлік иегері болды. Олар Еңсегенов Бекзат, Қасымов Нұрбек, 2004 жылы үздік куәлік иегері 2 оқушы Әміров Абзал, Матаева Дина жақсы нәтиже көрсетті.
  • 2005-2007 жылдары Еңсегенова Алмагүл директорлық қызметатқарды. Онда мектептің көп жылдан бері мұғалім саласында жұмыс жасаған мұғалімдері Бегенішовва Бақтылы, Аблаева Гүлшат, Еркегулова Гүл, Нысанбаева Сағира атты мұғалімдердің еңбегімен осы жылында үш үздік куәлік берілді. Ол оқушылар Еңсегенова Айғаным, Қаржаубаева Гүлнұр, Еңсегенова Айжамал. 2006-2007 оқу жылында мектепте екі үздік куәлік иегері Жұбанов Еркебұлан, Оспанова Самал.
  • 2007-2009 жылдары Шілдебаев Мейірман қайта директорлық қызмет атқарды. Ол жылдары үздік куәлік иегерлері 2007-2008 оқу жылында Қасымова Фариза, Қосаев Нұрбек атты оқушылар. 2008-2009 оқу жылында Өткілбаева Ұлдана атты үздік куәлік иегері атанды.
  • 2009 жылы директор Төлеуов Жаңайбай болды. 2009 жылдың тамыз айына дейін қызметін атқарды.
  • 2009-2012  жылдары Жаңғазиева  Марал  Келимбердиевна директорлық қызметін атқарды. 2009-2010 оқу жылында мектепте үш үздік куәлік берілді, олар Мұханалиева Гүлназ, Қасымова Назерке, Қожашева Шаттыгүл. 2010-2011 оқу жылында бір үздік куәлігі иегері Қалижан Үміт. 2011-2012 оқу жылында бір үздік куәлік иегері Бақытжан Айгерім атты оқушы
  • 2012-2013 жылдары  Нәренбаева Эльмира директор болды.  Осы оқу  жылдары екі үздік куәлік иегері  болды, олар Аманжолова Гүлфайза, Бауке Үміт атты оқушылар.
  • 2013-2015 жылдары Аблаева Гүлшат директор болды.  2013-2014 оқу жылында  бір үздік куәлік иегері Ұшқанбай Назерке. 2014-2015 оқу жылында бір үздік куәлік иегері Көптілеу Жақсылық атты оқушы болды.
  • 2015-2017 жылдары Азбергенова Гүлшат директор болды. 2015-2016 оқу жылында бір үздік куәлік иегері Қылышбай Ақнұр.  2016-2017 оқы жылыда үш үздік куәлік иегері олар Құлданбай Таңшолпан, Қосай Нұрлат, Алтынбекқызы Ақжан атты оқушылар.
  • 2018 жылдың қаңтар айынан бастап Көшербаева Назила директор болды. 2017-2018 оқу жылында бір үздік Жомарт Ұлдана атты оқушы.
  •   

Соңғы жаңалықтар

"Аққұдық негізгі мектебі" КММ 8 Наурыз – «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай 2-сынып окушылары арасында "Сынып аруы" атты сайыс өтті.

"Аққұдық негізгі мектебі" КММ 8 Наурыз – «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай 2-сынып окушыла ...

05 наурыз 2019
«Қазақ поэзиясының Хантәңірі-Мұқағали Мақатаев» атты Мұқағали ақынды еске алуға арналған кеш өтті

«Қазақ поэзиясының Хантәңірі-Мұқағали Мақатаев» атты Мұқағали ақынды еске алуға арналған  кеш  ө ...

25 қаңтар 2019
"Аққұдық негізгі мектебі" КММ "Ғасыр індетінен сақтанайық атты сынып сағатты өтті

"Аққұдық негізгі мектебі" КММ "Ғасыр індетінен  сақтанайық"  атты сынып сағаты өтті Мақсаты; оқушы ...

23 қаңтар 2019